WBA/WBC/IBF тұжырымдары боынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің «Инстаграм» парақшасында Сауль Альвареске арналған видео жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Видео басталған тұста Головкиннің бапкері Абель Санчес ет жеп отырып «Керемет күшке ие болу үшін арнайы тамақ жеу керек» дейді. Ал осы сәтте Геннадий Головкин өз күшін көрсетіп жаттығу жасап жүреді. Видеоның соңы «тең есеп жоқ» деген жазумен аяқталады.

Сауль Альварестің жауабы да көп күттірмеді.

Ол видеоның астында «Мен білем, сен мені сағынып жүрсің. Сен менсіз өмір сүре алмайсың» деген жазба қалдырған.

Естеріңізге салсақ, GGG - Альварес арасындағы екінші кездесу бесінші мамырда өтуі тиіс болатын. Кейін мексикалық допинг тестен сүрініп, кездесу болмайтын болды.