Армениядан шыққан америкалық боксшы Ванес Мартиросян тілшілерге берген сұқбатында қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz. - Иә, менің GGG-мен жекпе-жегіме қатысты жаңалық бар. Ертең барлығы жария етіледі, - деп мәлімдеді ол. 34 жастағы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) 2016 жылдың мамырында Эрисланди Ларадан ұпай санымен жеңілгеннен кейін кәсіпқой бокста екі жылға жуық жекпе-жек өткізген жоқ. Ол Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін бірінші орта салмақтан орта салмақ дәрежесіне көтерілуі тиіс.