Қазақстандық боксшылар Украинаның Херсон қаласында өткен Николай Мангер Мемориалында жақсы нәтиже көрсетті, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты

Аталмыш жарыс сәуірдің 10-ы мен 14-і аралығында өтті.

Біздің боксшылар жалпы саны жеті медальға қол жеткізді: үш алтын, екі күміс және екі қола.

Чемпион атағына ие болғандар: Жандос Несіпжан (49 келі), Нұрбол Қалжанов (56 келі) және Қуан Қуатов (64 келі). Күміс жүлде Азат Махметов (52 келі) пен Нұрболат Сермахановтың (+91 келі) еншісінде. Қола медальді Қанағат Маралов (69 келі) пен Ерік Әлжанов (75 келі) иеленді.