Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жерге бірден үш қала үміткер болып тұр.Осыған дейін, Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында не Лос-Анджелес маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өтуі мүмкін екені айтылған. Енді осы тізімге Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасы қосылды.