Өскеменде «Weltklasse Zurich» Гаухар лигасының ақтық кезеңінің өкілдерінің қатысуымен семинар өтуде. Мұнда аймақтағы және жалпы еліміз бойынша жеңіл атлетиканың дамуы жайлы пікірлер айтылды.Екі бөліктен тұратын іс-шарада «Weltklasse Zurich» Гаухар лигасы ақтық кезеңінің Со-Директоры Андреас Хёдигер әлемдік спорт деңгейінің даму бағытын жергілікті спорттың даму моделіне қарай бағамдап, өзінің тың идеясын ортаға салды. Аталмыш семинарға жаттықтырушылар, спорт мектептерінің директорлары және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.