Асунсьон қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасында Парагвай ашық чемпионаты аяқталды, деп жазды olympic.kz сайты.

Жарыстың алғашқы үш күнінде командалық сайыстар өтті. Интерұлттық құрамда Зәуреш Ақашева (Қазақстан) мен Гой Руй Хуан (Сингапур) 3:0 есебімен Чили, Парагвай, Бразилия, Гватемала және Перу командаларын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.