11 сәуірде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Луганодағы WTA турнирінің бірінші айналымында чехиялық Маркета Вондроушовамен кездесті.

Ойын чехиялық спортшының жеңісімен аяқталды – 6:3, 4:6, 7:6 (2). Спортшылар кортта 2 сағат, 47 минут күш сынасты.

Айта кетейік, Луганодағы турнир 7-15 сәуір арасында өтеді.