«Атлетиконың» шабуылшысы Фернандо Торрес мадридтік клубтан кететін болды. - Бұл командадағы соңғы маусымым. Мұндай шешім қабылдау қиын болды, әрине. Ауру-сырқатым жоқ, өзімді жақсы сезінем. «Атлетико» менің үйім болып қала береді, - деді Торрес Goal.com сайтына.