65 жастағы босниялық маман Вахид Халилходжич 2015 жылдан бері жұмыс істеп келген Жапония құрамасының бас бапкерлік қызметінен босатылды.

Халилходжич Жапония құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне алып шықты. Дегенмен де бұл нәтижеге қарамастан қызметінен босатылды. Бұл туралы NHK телеарнасы Жапония футбол ассоциясының президенті Кодзо Тасимаға сілтеме жасап хабарлайды. Бапкердің қызметінен босатылуына басты себеп, құраманың биыл жолдастық кездесулерде нашар ойнағаны болған. Сонымен қатар құраманың бірнеше ойыншылары Халилходжичтің жаттығуна көңілі толмайды екен.

Еске салайық, Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатында Жапония құрамасы Н тобында Польша, Сенегал және Колумбия құрамаларымен бірге ойнайды. Әлем біріншілігі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Осылайша, Жапония құрамасы біріншілікке екі ай қалғанда жаңа бапкер іздестіретін болады.