Қазақстан әйелдер құрамасының бас баспкері матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистермен тілдесті.

- Сәуір айы басталғаннан бері Ресеймен өтетін ойынға дайындалдық. Біздің құраманың қатарында жас ойыншылар өте көп. Ресей құрамасы әлемнің үздік жиырма бес елінің қатарына кіреді. Былтыр Еуропа чемпионатында ойнаған қарсыласымыздың жетістіктері жаман емес. Сондықтан ертеңгі қарсыластарымыз өзінің ойын үлгісі бар команда. Ресей құрамасындағы ойыншылардың тәжірибесі зор. Ресей ойыншылары соңғы ойынын сырт алаңда қорғанысы берік саналған Босния және Герцеговина құрамасымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Турнир кестесіне қарап, қарсыластың деңгейі жоғары екенін байқаймыз. Біздің дайындық та жаман емес. Жақсы ойын көрсетеміз деп ойлаймыз.

- Біздің құраманың қоржынында әлі де болса ұпай жоқ. Ертең өтетін кездесуде ұпай алуға мүмкіндік бар ма?

- Үмітсіз адам болмайды. Сондықтан футболда да, спорттың басқа түрлерінде де алаңға шығатын барлық команда ұтамыз деп шығады. Ұтыламын деп ешкім алаңға шықпайды. Тең ойнаймын деп мақсат қоймайды. Ертең жақсы ойын көрсетіп, оң нәтижеге қол жеткіземіз деген ниетіміз бар.