Квебекте (Канада) кәсіпқой бокс кеші өтті, оған қазақстандық боксшылар да қатысқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрзат Сәбіров (4-0, 4 КО) Станислав Эшнермен (8-8-1,5 КО) жұдырықтасқан. Кездесу жартылай ауыр салмақта өтті. Сәбіров қарсыласын төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Садриддин Ахмедов та бұл кеште өз қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.