Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жасар боксшы Канаданың Квебек қаласында Тони Баррераспен (1-1-0) жұдырықтасқан. Жекпе-жек Ахмедовтың жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшыға қарсыласын нокаутқа жіберу үшін 30 секунд қана қажет болды.