Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис Кубогының ширек финалы аясында Қазақстан құрамасы Хорватия теннисшілерімен күш сынасуда деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бүгін, жарыстың алғашқы күні бірінші болып бақ сынаған Дмитрий Попко хорватиялық атақты теннисші Марин Чиличтен жеңіліп қалды.Ал екінші болып кортқа шыққан Михаил Кукушкин өз кезегінде Борна Чоричті жеңіп, командалық есепті теңестірді. 3 сағат 33 минутқа созылған кездесу 1:3 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. 6:3/6:7/4:6/2:6