Бүгін Хорватияның Вараждин қаласындағы теннис орталығында жербе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» жазды.

Дэвис кубогы аясындағы Хорватия - Қазақстан кездесуі алдында қос құрама өз қарсыластарының есімін білді.

Алғашқы ойында Марин Чилич отандасымыз Дмитрий Попкомен кездеседі. Екінші ойында Михаил Кукушкин Борна Чоричпен күш сынасады. Ойын ертең, 6 сәуір күні өтеді.

Ал 7 сәуір күні жұптасу бәсекесінде Никола Мектич пен Иван Додигке қарсы Тимур Хабибуллин мен Александр Недовесов шығады.