Сәуірдің 14-і мен 15-і күндері Almaty Arena спорт кешенінде грепплингтен Азия чемпионатында әлем жұлдыздары бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

ACB JJ лигасы әлем бойынша үздік джитсерлерді іріктеуде, олардың ауқымды турнирлері Оңтүстік Америка мен Еуропада өткізілген.

Айта кетер жайт, АСВ JJ лигасының бірден-бір ерекшелігі – ересектер арасында сарапқа салынатын ақшалай сыйлықтар. Бұл чемпионаттың жүлде қоры 50 000$ құрайды.

Жарыстың басты ұйымдастырушылары АСВ JJ мен қазақстандық джиу-джитсу және грепплинг федерациясы.

Турнирге балалар, жастар және кәсіби спортшыларға дейін қатыса алады.

Спорт сүйер қауым Адам Вардзински, Филипп Пэн және Мийяо ағайындарының қатысуымен қызықты да тартысты жекпе-жектер күтуде. Сонымен қатар, басқа да атақты спортшылардың белдесулері джиу-джитсу және грепплинг жанкүйерлерін бейжай қалдырмас.

Файт карта, 14 сәуір:

Адам Вардзински – Филипп Пэн 95 кг (негізгі жекпе-жек)

Освальдо Моизиньо – Паоло Мийяо (негізгі жекпе-жек)

Самир Чантре – Джао Мийяо 60 кг - (негізгі жекпе-жек)⠀ ⠀⠀

Махамед Алы – Кенан Корнелиус 95 кг ⠀⠀

Луан Карвальо – Эдвин Наджми 75 кг ⠀⠀

Лукас Барбоса – Джексон Суза 95кг ⠀⠀

Патрик Гаудио – Тиаго Са 85 кг ⠀⠀

Джош Хингер – Арналдо Майдана 85 кг ⠀⠀

Рудсон Мэтью – Аюб Магомадов 85 кг

Моку Кагавай – Ерберт Санто +95 кг

Исак Багиенс – Клаудио Калазанс 85 кг

Ким Терра – Николас Велкер 65 кг

Родриго Терра – Николас Велкер 65 кг

Радриго Капорал – Дауд Адаев 75 кг

Мухаммад Керимов – Виктор Гонорио + 95 кг⠀⠀

Родней Барбоса – Рафаэль Фрейта 60 кг