Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы америкалық Макс Холлоуэй ресейлік Хабиб Нурмагомедовке қарсы жекпе-жекке байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мұндай мүмкіндіктен бас тарта алмадым. Бұл сияқты ұсыныстар өмірімде бір рет қана келуі мүмкін. Әзірге тек Конор Макгрегор ғана екі салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Мен екіншісі боламын. Қарсыласыммен айқасқа шығамын. GGG айтқандай, Big Drama Show жасаймыз!, - деді Макс Холлоуэй.

Айта кетейік, Макс Холлоуэй UFC 223 турнирі аясында Хабиб Нурмагомедовке қарсы жарақат алған Тони Фергюсонның орнына жұдырықтасады.