Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі республикалық турнир аяқталды.Жарыс үш күнге созылды. Сәуірдің бірінші күні мәресіне жеткен турнирден кейін Дәулет Тұрлыханов әрбір команданың көрсеткен нәтижесіне қарай баға берді. Ешкім де қараусыз қалмады. Аға жаттықтырушылардан бастап төрешілерге дейін сынға ілінді. Артынша тілшілер қауымымен сырласып, жарыстың өтуі жайлы, Ұлттық құраманың нәтижелері туралы айтып берді.- 19-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс (Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық турнирі – авт.) жоғары деңгейде өтті. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірен 30 команданың спортшылары бақ сынады. Оның ішінде төртеуі – Республикалық спорт интернаты, сондай-ақ Жақсылық Үшкемпіров, Хаис Аққалиев, Болат Тұрлыханов және Дәулет Тұрлыхановтың спорт мектептері бар. Жасөспірімдер Ұлттық құраманың болашағы. Қазірден бастап дайындалса бұл балуандардан үлкен нәтиже шығады. Алда жастар құрамасы, одан кейін Ұлттық құрамаға іліну керек. Ел Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиевтен кейін бір мықты балуан шықпады деп айтпауы қажет. Өкінішке қарай, қазір олардың ізін басатын балуан жоқ. Бірақ біз мұнымен күресуіміз керек.
Күрес
02.04.2018 12:45
Дәулет Тұрлыханов: Азиадада бір алтын алуды көздеп отырмыз
Ұсынамыз
Комментарии