Футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалдық ойындары аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ел чемпионатының финалына алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» футзал клубы шықты. Ал үшінші орынға «Жетісу» және «Аят» командалары таласады.Қазақстан футзал қауымдастығының ресми сайты үшінші орын үшін өтетін және финалдық матчтардың күнтізбесін ұсынып отыр.

3-ші орын үшін ойындар:5 сәуір«Жетісу» (Талдықорған) – «Аят» (Рудный)6 сәуір«Жетісу» (Талдықорған) – «Аят» (Рудный)11 сәуір«Аят» – «Жетісу»12 сәуір«Аят» – «Жетісу»Финалдық ойындар:5 сәуір«Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» 6 сәуір«Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» 11 сәуір«Ақтөбе» – «Қайрат» 12 сәуір«Ақтөбе» – «Қайрат»

Ескерту, егер төрт кездесуден кейін жеңімпаз анықталмаса қосымша матч өтеді.