«Ақтөбе» футзал клубы талдықорғандық «Жетісуды» жетінші ойында деңіп Қазақстан чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда арасында өткен жетінші ойын 3:1 есебімен ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды.

Финалда «Ақтөбе» футзал клубын алматылық «Қайрат» күтіп тұр.

Олар өз кезегінде жартылай финалда «Аятты» жеңген болатын.

Қазақстан чемпионаты 2017/18. Плей-офф. Жартылай финал. Жетінші ойын

«Жетісу» 1:3 «Ақтөбе»

Голдар: Тұрсағұлов37 - Джонатан 12, Валенко 15, 40