Қазақстан Премьер Лигасы және Бірінші лигасының алдағы тур ойындары Ресейде болған қайғылы оқиғаға байланысты бір минут үнсіздіктен басталады, деп жазады Prosports.kz.

«Қазақстан футбол Федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және еліміздің футбол клубтары Кемерово қаласында (Ресей) орын алған оқиға құрбандарының жанұяларының қайғысына ортақ.

Жақын арадағы Премьер Лига және Бірінші лига кездесулері бір минут үнсіздіктен басталады.

Өрт салдарынан тума-туыстарын жоғалтқан барлық адамдардың қайғы-қасіретке ортақтасып, көңіл айтамыз», - делінген Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының мәлімдемесінде.