Қостанайлық «Тобылдың» ойыншылары Ника Квеквескири мен Джаба Канкава, сондай-ақ, «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Джамбул Джигаури Грузия мен Эстония арасындағы жолдастық матчқа қатысты.

Грузия құрамасы сапында Квеквескири мен Канкава негізгі құрамда шықты. Ал «Ордабасының» ойыншысы Джигаури матчқа екінші таймда қосылды.

Матч грузин футболшыларының жеңісімен аяқталды – 2:0. Квеквескири бұл ойында нәтижелі пас беріп, сары қағазбен көзге түсті.