Еркін және әйелдер күресінен 1998-2000 жылы туылған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Төрт күн бойы Ақтөбе қаласының «Жекпе-жек» спорт кешенінде сайысқан еліміздің балуандары өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еркін күрестен соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтердің кілті мен бір миллион теңге сыйақыны табыстады. Ал жарыстың құрметті қонақтары - Олимпиада чемпионы Қажымұрат Гацалов, үш дүркін Олимпиада жүлдегері және Қазақстан Республикасы әйелдер күресінің вице президенті Гузель Манюрова, 2011 жылғы Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев сынды даңқты балуандар ел чемпионатының жоғарғы деңгейде өткенін айтып өтті.