Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Венгрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде есеп ашылды.

Ойынның алғашқы голын Қазақстан құрамасының ойыншысы Роман Мұртазаев соқты. Бауыржан Исламханның бұрыштамадан көтерген добын Роман сәтті түйіндей білді.