23-ші наурыз күні өтетін Қазақстан Ұлттық құрамасының Венгрияға қарсы жолдастық кездесуін «QazSport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Станимир Стоиловтың қол астындағы алғашқы ойынын өткізеді. Аталмыш матчты «QazSport» арнасы Астана уақытымен 23:50-де тікелей эфирден көрсетеді. Ойынды ғаламтордан көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Ал араға үш күн салып Фельчут қаласында Қазақстан құрамасы Болгария ұжымымен кездеседі. Аталмыш ойынды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.