Оңтүстік Кореяда 2019 жылғы Азия кубогының іріктеу кезеңіндегі Қырғызстан мен Мьянма матчы өтті.

Қырғыз футболшылары қарсыласын 5:1 есебімен тас-талқан етті. «Атыраудың» қырғызстандық ойыншысы Антон Землянухин бұл матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Енді Қырғызстан 27 наурызда Үндістан құрамасын қабылдайды.