Футболдан әлем чемпионаты жақындаған сайын Ресейдегі стадиондардың дайындығы қайта-қайта тексеріліп жатыр.

Мысалы, Халықаралық футбол федерациясының өкілдері бұл жолы Екатеринбург қаласына келді. Өйткені бұл жерде 2015 жылы алып кешеннің құрылысы басталған болатын. Енді ол толықтай аяқталып, әлемдік доданы қабылауға дайын тұр. 35 мың адам сиятын футбол алаңында 15-ші маусым күні Уругвай мен Мысыр құрамалары кездеседі. Ал Ресей бойынша осындай 12 стадион әлем чемпионаты кезінде қызмет көрсетеді. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген дүниежүзілік дода 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.

Колин Смит, FIFA спорттық жарыстар өткізу бойынша директоры:

- Стадионның толықтай дайын болғандығына қуаныштымыз. Енді әлем чемпионаты басталмай тұрып бұнда бернеше тестілік матч өтеді. Сол кезде барлық артықшылықтары мен кемшіліктері байқалады деген ойдамын. Ал жалпы жасалған жұмысқа көңіліміз толады.