Мексикалық боксшы Сауль Альварес допинг қолданды деп айыптаған Геннадий Головкинге дөрекі түрде жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Канело» Instаgram желісіндегі парақшасында Головкинді балағаттады. Алғашқы суретінде «Головкиннің күл-паршасын шығаратынын» жазса, енді біреуінде қазақстандық боксшыны «қаншыққа» теңеген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте қарсыласы Сауль Альварес допинг қабылдады деп айтыпаған болатын.

Қос боксшы мамырдың 5-і күні Лас-Вегас қаласында шаршы алаңда қолғап түйістіреді.