Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинге жауап қатты.

Айта кетейік, GGG Канелоның қанынан тыйым салынған препарат табылғанына байланысты мексикалықты қатты сынға алған болатын. Тіпті, Головкин Альваресті бірінші жекпе-жекте допинг қолданды деп айыптаған.

«Мұның бәрінен кейін Головкин жекпе-жектен қашып құтылғысы келетінге ұқсайды. Геннадийдің бұл сөзі бір апта бұрынғы әңгімесінен басқаша. Сауль Альварестен бөлек Головкин Оскар де ла Хойяға да тіл тигізді. Бірақ мұның бәрі өтірік және жала жабу. Келісімшартқа қол қойылды, өтетін уақыты белгіленді – егер Геннадий жекпе-жектен бас тартқысы келсе, тіке айтсын», - деді Гомес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес рематчы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.