Қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ержан 28-ші сәуір күні Испанияның Бильбао қаласында 12-ші жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы румындық Йонут Балут болмақ. Жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек сегіз раундқа созылады.