21 наурыз күні Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды.

Чемпионаттың алғашқы күнінде әйелдер күресі бойынша 10 салмақ дәрежесінде 80-ге жуық қыз балалар боз кілемге шығып, өзара бақ сынасты.

«Ақтөбедегі ел біріншілігі жоғары деңгейде өтуде, ұйымдастырылуы өте ерекше, үлкен дайындықпен өткізіліп жатқаны көрініп тұр. Сондықтан да ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Керемет спорт кешен, өте ыңғайлы, жылы зал барлығы ерекше ұнап отыр. Менің ойымша, тіпті бұл кешенде Әлем және Азия чемпионатын да өткізуге болады. Осындай залдардың көмегімен Ақтөбеден Әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары пайда болып, күрес одан әрі танымал болады деп ойлаймын. Айта кетейін, Ақтөбе қаласында осы жылдың жаз айларында республиканың барлық аймақтарынан командалар шақыртып, оқу-жаттығу жиындарын және шеберлік-сабақтарын өткізу бойынша облыстық спорт басқармасымен келісімге келіп отырмыз»,- деп атап өтті әйелдер күресінің вице президенті, үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова.