Венгрия құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының ойыншысы Акош Элек Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан құрамасына қарсы ойын мен үшін ерекше болмақ, себебі мен сол елде өнер көрсетіп жүрмін. Бұл құрама сапында менің клубтағы әріптестерім ойнайды. Егер біз Қазақстан құрамасын ұтсақ, «Қайраттағы» әріптестерімді қалжыңның астына аламын, - дейді Элек.