Қазақстан құрамасының Болгарияға қарсы жолдастық ойынын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жолдастық матч 26-шы наурыз күні Болгарияның Фельчут қаласында өтеді. Аталмыш ойынды «Хабар» арнасы Астана уақытымен 22:50-де тікелей эфирден көрсетеді.

Ал 23-ші наурыз күні өтетін Венгрияға қарсы жолдастық ойынды «QazSport» арнасы көрсетпек.