«Қайрат» футзал клубы Қазақстан біріншілігінің жартылай финалдық серия аясында «Аятқа» қарсы үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алматылық ұжым ойынға бас бапкер Какаусыз аттанды. Сондай-ақ негізгі құрамның екі ойыншысы - Дуглас пен Лео да әріптестеріне көмектесе алған жоқ.
Қос команда арасындағы үшінші ойында 10 гол соғылды. Алаң қожайындары сапынан Селиньо екі мәрте көзге түссе, Эрик пен Жоао Жайро бір-бір доптан соқты. Ал «Қайраттың» ойыншысы Даниэль хет-трик жасаса, Тайнан дубль авторы атанды. Тайеби болса бір гол соқты.
Ертең кешкі сағат 19:00-де екі ұжым төртінші матчтарын өткізеді.
Қазақстан біріншілігі. Плей-офф. Үшінші ойын
«Аят» 4:6 «Қайрат»
Голдар: Селиньо 16, 27, Эрик 25, Жоао Жайро 29 - Даниэль 15, 29, 33, Тайнан 27, 40, Тайеби 34
20 наурыз, Рудный, «Аят» СК
Комментарии