«Қайрат» финалға бір табан жақын
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Қайрат» футзал клубы Қазақстан біріншілігінің жартылай финалдық серия аясында «Аятқа» қарсы үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Алматылық ұжым ойынға бас бапкер Какаусыз аттанды. Сондай-ақ негізгі құрамның екі ойыншысы - Дуглас пен Лео да әріптестеріне көмектесе алған жоқ.
Қос команда арасындағы үшінші ойында 10 гол соғылды. Алаң қожайындары сапынан Селиньо екі мәрте көзге түссе, Эрик пен Жоао Жайро бір-бір доптан соқты. Ал «Қайраттың» ойыншысы Даниэль хет-трик жасаса, Тайнан дубль авторы атанды. Тайеби болса бір гол соқты.
Ертең кешкі сағат 19:00-де екі ұжым төртінші матчтарын өткізеді.
Қазақстан біріншілігі. Плей-офф. Үшінші ойын
«Аят» 4:6 «Қайрат»
Голдар: Селиньо 16, 27, Эрик 25, Жоао Жайро 29 - Даниэль 15, 29, 33, Тайнан 27, 40, Тайеби 34
20 наурыз, Рудный, «Аят» СК