Бүгін Қазақстан футбол Федерациясының дауларды шешу Палатасының отырысында, «Ақтөбеге» ойыншыларды тіркеуге салынған тыйымның алынып тасталуы жайлы FIFA-ның кеңсесінен келген хатты ескере отыра, ойыншыларды тіркеуге салынған тыйым алынып тасталды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Осылайша, «Ақтөбе» 3-ші турдан бастап маусымаралық трансферлік ауысым кезінде командаға қосылған футболшыларын алаңға шығара алады.

Сонымен қатар, бір айта кетерлігі – тыйым алынып тасталу мерзімі жазға дейін. Бұл дегеніміз, клуб осы мерзімге дейін барлық қарыздарынан құтылуға міндетті. Егер талап орындалмаса, тыйым күшіне қайта енетін болады.