Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі аясындағы «Алтай» мен «Екібастұз» командалары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.«БИІК» футбол алаңында өткен матчта 1:6 есебі тіркелді. Өскемендік команда қарсыластарының осал тұсын оңай тауып, сенімді жеңіске жетті.

«Екібастұз» (Екібастұз) - «Алтай» (ШҚО) 1:6 (0:3)

Гол соққандар: Константин Заречный 4 (0:1), Жандос Солтан 28 (0:2), Алексей Шакин 31 (0:3), Дәурен Қайқыбасов 60 (0:4), Олег Овчинников 72 (0:5), Мадияр Раимбек 75 (1:5), Константин Заречный 76 (1:6)

Төреші: Гороховадацкий (Алматы)