Францияның Межев қаласында параллельді могулдан Еуропа кубогы аяқталды.

Бұл жарыс қазақстандық фристайлшылар үшін сәтті өткен жоқ. Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева ширек финалда сүрінсе, Павел Колмаков 1/8 финалдан ары өте алмады.