Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының 8-ші кезеңі аяқталды.

7,5 шақырымдық төрт кезеңде Норвегия құрамасы топ жарды. Ал екінші орын австриялық квартетке бұйырды. Үштікті ресейлік биатлоншылар түйіндеді.

Қазақстанның намысын Владислав Витенко, Максим Браун, Тимур Хамитгатин мен Василий Подкорытов қорғаған. Біздің құрама 22-ші орын алды.