Қазақстандық боксшы Искандер Харсан кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін АҚШ-тың Остин қаласында (Техас штаты) өткізді. Искандердің қарсыласы 27 жастағы жергілікті боксшы Ричард Муноз (1-3-1) болды. 6 раундқа жоспарланған кездесу жартылай жеңіл салмақта (57,1 келі - 126 фунт) өтті. Жекпе-жек 4-ші раундта техникалық нокаутпен Искандердің жеңісімен аяқталды.