Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдиева өзінің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласымен тең тарқасты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Аида алғашқы жекпе-жегін Калифорния штатының Коммерс қаласында жергілікті боксшы Лиза Портерге (1-1-2) қарсы өткізді.

Жоспарланған төрт раунд боксшылардың тең дәрежедегі өнерімен аяқталды. Төрешілердің берген ұпай саны да кездесудің тең аяқталғанын растады. Төрешілердің шешімі мынадай болды, 39:37, 37:39, 38:38.