«Арсенал» ойыншысы Джек Уилшир жазда Италия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Tuttosport.

26 жасар ойыншыға «Ювентус» және «Милан» клубтары қызығушылық танытып отыр.

Джек Уилшир «Арсенал» футбол клубының түлегі. Лондондық команда үшін алғаш ойынын 2008 жылы өткізген.

Сол уақыттан бері 190 ойынға қатысып 14 гол соққан.