Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 20 шақырым қашықтыққа тік тұрып шаңғымен жарысу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі. Жарысқа 18 спортшы қатысты. Қазақстандық параатлет Александр Герлиц 47:54:4 уақыт көрсеткішімен (+3:02.0) жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл - спортшыларымыздың осы жарыстағы ең үздік көрсеткіші.