Қазақстандық паралимпиадашы шаңғы жарысында 4-ші болып келді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 20 шақырым қашықтыққа тік тұрып шаңғымен жарысу сайысы аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
Жарысқа 18 спортшы қатысты. Қазақстандық параатлет Александр Герлиц 47:54:4 уақыт көрсеткішімен (+3:02.0) жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл - спортшыларымыздың осы жарыстағы ең үздік көрсеткіші.
«Бүгінгі сайыс өте тартысты болды. Өзімнің бар күшімді салдым. Төртінші болып келгеніме қуанып тұрмын. Себебі бұған дейінгі үздік көрсеткішім 7-орын болған. Енді алда тағы да 12, 5, 15 шақырым парабиатлон және шаңғы жарыстары бар. Оларда да бар мүмкіндігімді пайдалануға тырысамын», - деді Александр Герлиц.