Қазақстандық Михаил Кукушкин АҚШ-тағы «Индиан-Уэллс Мастерс» турнирінің бірінші кезеңінде ұтылды.

Алғашқы айналымда әлемнің 89-шы ракеткасы германиялық Миша Зверевпен кездескен. Неміс теннисшісі қазақстандықты үш сетте жеңді – 6:3, 4:6, 6:1.

Келесі айналымда Зверев америкалық Сэм Куэрримен кездеседі.