Чехиялық теннисші Петра Квитова Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің үшінші айналымына шықты.

Екінші айналымда Квитова қазақстандық Юлия Путинцеваны үш сетте жеңді – 6:7 (4:7), 7:6 (7:3), 6:4. Матч 3 сағат, 18 минутқа созылған.

Енді Квитова ресейлік Анастасия Павлюченкова мен америкалық Аманда Анисимова жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл турнирдяяің жүлдеқоры 8 миллион долларды құрайды.