Boxingnews24.com журналисі Пол Джонс британиялық боксшы Келл Бруктың жекпе-жектеріне қатысты пікірін жазды.

- Келл Брукты Эриксон Лубин, Джеймс Киркленд, Қанат Ислам немесе Остин Траутқа қарсы жекпе-жектерде көргім келеді. Кейін Садам Али немесе Лиам Смитпен жекпе-жек. Артынша Эррол Спенспен реванш... Егер жеңіске жетсе, Джермалл Чарлоны кездесуге шақырсын, - деп жазды Джонс.

4 наурызда Брук беларусьтік Сергей Рабченконы екінші раунда нокаутқа түсіріп, WBC Silver белбеуін иеленген болатын.