Финляндияда халықаралық турнир өтіп жатыр.

Әлем чемпионы Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегінде британиялық Ниал Фаррелді ұтты. Сондай-ақ, Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит те өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. Айта кетейік, бұл үш боксшы үшін де 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жарыс болып отыр.

Жартылай финалда Ералиев, Жүсіпов пен Левитке тағы бес боксшымыз қосылады - Олжас Байниязов (52 келіге дейін), Закир Сафиуллин (60 келіге дейін), Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Бек Нұрмағамбет (81 келіге дейін) және Қамшыбек Құңқабаев (91 келіден жоғары).

Финалдық жекпе-жектер 11 наурызда өтеді.