Бүгін Мароккода басталған әлемдік Гран При сериясында қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов (66 келі) күміс медаль алды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Ерлан финалдық күресте словениялық балуан Адриан Гомбоцдан жеңіліп қалды.Бұл еліміз спортшылары үшін аталған турнирдегі екінші жүлде. Осыған дейін Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) турнир жеңімпазы атанған болатын.