Қызметіне жуырда ғана кірістен Станимир Стоилов Ұлттық құрамаға 35 футболшыны шақыртқан, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Шақырту алған футболшылардың толық тізімі жарияланған жоқ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы дүйсенбі, 12 наурыз күні мәлімдейді. Соңғы тізімге 25 футболшы енеді.

Әзірге тек «Уфаның» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет және «Астананың» он екі бірдей ойыншысы Ұлттық құрамаға шақырту алғаны белгілі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 23-ші наурыз күні Венгриямен, ал 26-сы Болгария құрамасымен жолдастық матч өткізеді.