AB Boxing News арнасына берген сұқбатында Америкада тұратын қазақ Димаш Ниязов (13-0-3, 6 КО) келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты.

Әлі жеңілмеген боксшының мәлімдеуінше, ол енді 19 мамырда рингке шығады. Бірақ қарсыласы әзірше белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Ниязов соңғы жекпе-жегін былтыр қарашада өткізген болатын. Сол кезде Агустин Маурасты техникалық нокаутпен ұтқан еді.